Бүгін Естай атындағы мәдениет сарайында республикалық пән олимпиадасының облыстық кезеңі жеңімпаздарының салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Дата: 06-01-2026
Олимпиада өріндегі олжалы нәтиже
Бүгін Естай атындағы мәдениет сарайында республикалық пән олимпиадасының облыстық кезеңі жеңімпаздарының салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Бұл – білімге деген табандылық пен еңбектің лайықты жеңісі болған жарқын күн.
Аталған олимпиадаға мектебімізден 44 оқушы қатысып, соның 33-і жүлделі орындардан көрініп, үлкен жетістікке қол жеткізді.
І орын – 9 оқушы
ІІ орын – 8 оқушы
ІІІ орын – 16 оқушы
Оқушыларымыздың жоғары нәтижелерінің арқасында мектебіміз екі бағыт бойынша да марапатқа ие болды:
Жаратылыстану-математикалық бағыттан – ІІІ орын,
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттан – ІІ орын дипломы табысталды.
Бұл биік белестер – білімді шәкірттердің талмай ізденуінің, білікті ұстаздардың қажырлы еңбегінің және ата-аналардың үздіксіз қолдауының айқын нәтижесі.
Барша жеңімпаз оқушылыларды, олардың ана – аналары мен ұстаздарын шын жүректен құттықтаймыз!
Алда өтетін республикалық кезеңде сәттілік серік болып, айқын жеңістерге жетулеріңізге тілектеспіз. Мектеп пен облыстың мерейін үстем етіп, лайықты деңгейде қорғап шығатындарыңызға сенеміз!