Лицейімізде – «Жыл үздігі» айдары!
Дата: 15-12-2025
Лицейімізде – «Жыл үздігі» айдары!
Білім ордамыздың жүрегі — ізденіс пен еңбекті жоғары бағалау. Осы мақсатта мектебімізде жыл бойы табандылығы, жауапкершілігі, шығармашылығы және әлеуметтік белсенділігімен ерекшеленген мұғалімдерді насихаттайтын «Жыл үздігі» айдары жарияланады.
Бұл айдар – тек марапат емес,
- еңбектің еленуі
- оқыту мен тәрбиедегі үздіктіктің үлгісі,
- ынталандырудың жарқын қадамы.
Біз үшін әрбір жетістік – үлкен еңбектің жемісі, ал «Жыл үздігі» иегерлері – мектебіміздің мақтанышына айналар тұлғалар!
Жыл үздіктерінің есімдері алдағы уақытта мектептің ресми парақшасында жарияланып отырады.
Бірге дамып, бірге шабыттанайық!