«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында оқушылардың «Кітапсүйгіш» тартымды келбетін қалыптастыру, көркем әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыру, шығармашылық қабілеттерін шыңдау мақсатында лицейде 2018 жылдан бастап дәстүрге айналған «5 минуттық кітап оқу» шарасы жүзеге асырылып келеді. Аталмыш шара барысында оқушылар қазақ әдебиеті сөз зергерлерінің көркем туындыларын өз қалауларымен оқиды. Бұл шара оқушылардың сөздік қорын кеңейтіп, сөйлеу және оқу техникасын дамытуда септігін тигізуде.