kz en
Павлодар облысы білім беру басқармасының «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі" КММ

Павлодар қаласы, Астана көшесі, 125

Gasdaryn.edu.mail.kz +7 (7182) 61-81-32

«Оқушыдан оқушыға» әлеуметтік жобасы аясында 3 жыл бойы жоғары сынып оқушылары Кенжекөл ауылындағы отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілеріне онлайн сабақтар өткізіп келеді

«Оқушыдан оқушыға» әлеуметтік жобасы аясында 3 жыл бойы жоғары сынып оқушылары Кенжекөл ауылындағы отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілеріне онлайн сабақтар өткізіп келеді
Дата: 22-05-2024
«Оқушыдан оқушыға» әлеуметтік жобасы аясында 3 жыл бойы жоғары сынып оқушылары Кенжекөл ауылындағы отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілеріне онлайн сабақтар өткізіп келеді. Оқушыларға сабақ беретін 10-сынып оқушысы Майдан Ирадат балалар үйіне барып, балалармен кездесіп, олардың нені армандайтынын біліп, мектепте «Досыңа қуаныш сыйла» акциясын ұйымдастырды. Акцияға мектеп-лицейінің оқушылары мен ұстаздары қатысты. Ирадат және оның қолдау тобы балалар үйіндегі барлық тәрбиеленушілерге сыйлықтарды табыстады. «TOП ЖАРҒАН-2024» мерекелік іс-шарасында Майдан Ирадат сезімталдығы, қамқорлығы және көмектесуге деген құштарлығы үшін «Мейірімді жүрек» мүсінімен марапатталды.
«Жас дарын» мектеп-лицейінің ұжымы шараны ұйымдастыруға көмектескен ата-аналар қауымына, қамқоршылық кеңесіне, әкелер кеңесіне алғысын білдіреді!