Қысқы каникул кезінде «Жас дарын» мамандандырылған мектеп- лицейінің түлектері, бұрынғы облыстық және республикалық пән олимпиадаларының жүлдегерлері мен жеңімпаздары мектепте олимпиадалық резервтегі оқушылармен дайындық өткізді. Ахмер Адия - Республикалық жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының, көптілді олимпиадасының жүлдегері, Астана қаласының Халықаралық Университетінің грант иегері, қазіргі кезде Назарбаев Университеті саясаттану факультетінің студенті мектеп оқушыларына ағылшын тілі пәнінен дәріс береді.