kz en
Павлодар облысы білім беру басқармасының «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі" КММ

Павлодар қаласы, Астана көшесі, 125

Gasdaryn.edu.mail.kz +7 (7182) 61-81-32

«Оқуға құштар мектеп» кітап оқу жобасын іске асыру шеңберінде Б.Соқпақбаевтың «Менің атым - Қожа» повесінің желісі бойынша КВЕСТ ойыны

«Оқуға құштар мектеп» кітап оқу жобасын іске асыру шеңберінде Б.Соқпақбаевтың «Менің атым - Қожа» повесінің желісі бойынша КВЕСТ ойыны
Дата: 08-12-2022

6 желтоқсан күні Павлодар қаласының «Жас Дарын» мамандандырылған мектеп – лицейі облыстық білім беру басқармасының бастамасымен облыстық мамандандырылған мектептер арасында «Оқуға құштар мектеп» кітап оқу жобасын іске асыру шеңберінде Б.Соқпақбаевтың «Менің атым - Қожа» повесінің желісі бойынша КВЕСТ ойынын өткізді.
Квест ойынының мақсаты – оқушылардың кітап оқуға құштарлығын дамыту, көркем шығарма оқуға баулу.
Шараға дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебі, облыстық көпсалалы лицей-интернаты, №3 гимназия, Ы.Алтынсарин атындағы облыстық қазақ гимназия-интернаты, дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназия,»Білім-Инновация» қыз балалар лицей-интернатының оқушылары қатысты.
Ойынға әр мектептен 5 оқушы қатысып, QR код арқылы тапсырмалар алып, маршрутын бастады. Ойын барысында командалар С.Баязитов атындағы оқу орталығында, Бұхар жырау атындағы мұражайда, Ж.Аймауытов атындағы драмтеатрда болып, повесть желісі бойынша берілген тапсырмаларды орындап сахналады. Аталмыш мекемелердің басшылығына ойынды өткізуге қолдау көрсеткендері үшін Алғыс білдіреміз.
Әділ қазылардың шешімі бойынша І орынды дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназия иеленді. ІІ орынды №3 гимназия жеңіп алса, қыз балаларға арналған «Білім-Инновация» ІІІ орын жүлдегері атанды. Басқа командалар ойынға белсенді қатысқандары үшін Алғыс хаттармен, тәтті сыйлықтармен марапатталды.
Іс-шараның ашылу-жабылу салтанаты да шығарма кейіпкерлерінің диалогы арқылы сахналанып, тартымды да жоғары деңгейде өтті. Келген қонақтар іс-шараның маңыздылығын атап өтіп, мектеп ұжымына зор ризашылықтарын білдірді.