Былтырғы оқу жылында Павлодар ауданының білім бөлімімен өзара ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойылып "Жас Дарын" мектеп-лицейінің мұғалімдері коучинг, вебинар, шебер сынып, семинарлар өткізіп, өз тәжірибесімен бөліскен болатын. Бүгін Павлодар ауданының Мичурин жалпы білім беру мектебі кері байланыс жасап, "Мұғалімнің инновациялық қызметі - сапалы білім кепілі" тақырыбында жас мамандарға арнап педагогикалық форум өткізді. Атаулы шараға "Жас Дарын" мектеп-лицейінің жас мамандары, аудан мектептерінен 13 жас маман келіп, сабақтардан тәжірибе алып, өз идеяларымен бөлісті. Форум нәтижесінде мектеп-лицейдің жас мамандары сөз алды. Молдасапар Шыңғыс сабақтарында Тик-ток арқылы оқушылардың қызығушылықтарын арттыру жолдарын көрсетсе, Жұмали Мизан сахнада қолма- қол форум қатысушыларына арнау шығарды.