kz en
Павлодар облысы білім беру басқармасының «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі" КММ

Павлодар қаласы, Астана көшесі, 125

Gasdaryn.edu.mail.kz +7 (7182) 61-81-32

Құрметті ұстаздар!

Құрметті ұстаздар!
Дата: 05-10-2012

Сіздерді төл мерекелеріңіз – Мұғалім­дер күнімен құттықтаймын!

Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, жақсы қасиеттерді бойына дарытатын ұстазға деген халқымыздың құрметі қашан­да ерекше. Өйткені, қоғамның басты бай­лы­ғы – адам болса, сол «адамның адамшылығы жақсы ұстаздан» дейді дана Абай.

 

Қазіргі заманда білім деңгейі жоғары ұлт қана жаһандану талаптарына жауап бере алады. Сондықтан білім саласы – елдің ертеңін айқындайтын, оның бәсекелестік қабілетіне ықпал ететін аса маңызды сала.

 

 

Білім жүйесінің жаны да, жүрегі де, тірегі де – ұстаз. Сондықтан еліміздің ертеңгі келешегі сіздердің қолдарыңызда. Еліміздің атын әлемге танытатын білімді де талантты шәкірттеріңіз көбейе берсін!

 

Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, қиын да қастерлі ұстаздық қызметте табыс тілейміз!