kz en
Павлодар қаласының «Жас дарын» мамандандырылған мектебі

Павлодар қаласы, Астана көшесі, 125

Gasdaryn.edu.mail.kz +7 (7182) 21-50-68

Ахмади Мағжан

Ахмади Мағжан
Дата: 20-10-2021
«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арналған 30 маңызды іс- шаралардағы  «Ең үздік 30 оқушы»»  бағытын 11 -сынып оқушысы  Ахмади Мағжан бастайды. Мағжанның қабілеті – сан алуан.  Ол – облыстық және республикалық зияткерлік сайыстардың жүлдегері. 2018-2019 оқу жылы кешенді облыстық олимпиаданың 2 -орын, Ермұхан Бекмаханұлы Бекмаханов атындағы І Республикалық «Қазақстан тарихы» пәнінің 2- орын иегері  атанды. 
Екі жыл қатарынан  Мағжан  жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың облыстық кезенінің жеңімпазы және 2021 жылы  Республикалық олимпиаданың «Алтын медаль» иегері болды.   
Мағжанның бойында  тереңнен тамыр жайған ұлтжандылық,  өз еліне деген сүйіспеншілік, елінің ұлтын, тілін, тарихын, ежелден келе жатқан ата-баба, салт-дәстүрлерін, дінін, ділін құрметтеу сезімдері басым . Ол жылма-жыл республикалық "Менің кіші Отаным"   интеллектуалды конкурсының жүлдегері атанып келеді. 
Қазіргі таңда оқушыларға ақпаратты сауаттылықтықты игерту басты мақсатқа айналды.  Мағжан жалпы білім беретін пәндер бойынша  Республикалық қашықтық олимпиадасының  жеңімпазы: Қазақстан тарихы – 1- орын,  ағылшын тілі – 2-  орын,  Дүниежүзі тарихы – 3- орын , орыс тілі пәнінен  - 3- орын иегері. 
Мағжан халқымыздың сөз өнерін, көркем тарихын, мәдени мұрасын, ұлттық құндылықтарын  да бағалайды. Жыл сайын қазақ тілі мен әдебиет шығармашылық сайыстар мен олимпиадаларға қатысып, жүлдегер атанады.  «Мәшһүр-Жүсіп оқулары»   конкурсының облыстық кезеңінің -1- орын,  І  және ІІ облыстық Гуманитарлық олимпиаданың  – 2- орын иегері.
  Мағжан «Праймериз – жастар үшін жаңа мүмкіндік» атты облыстық дебат турниріне белсенді атсалысып, стратегиялық мәселелерді шешуде ұшқыр ойлау қабілеті мен ұтымды идеялары үшін   «Үздік спикер» номинациясы бойынша марапатталды.  «Zhas daryn» DC қазақ лигасының координаторы.