«Жаңартылған білім мазмұны бойынша сабақты жоспарлау»
Дата: 18-10-2021
Павлодар қаласының «Жас дарын» мамандандырылған мектебі Павлодар және Тереңкөл аудандарымен өзара ынтымақтастық жұмысын жалғастырады. 2021 – 2022 оқу жылына мектеп директоры Г.С.Жанғазы және Павлодар ауданының білім бөлімінің басшысының м.а. С.К.Нургалиева мен Тереңкөл аудандық білім беру бөлімінің басшысы Ж.Билялова өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Жұмыс мақсаты: Павлодар және Тереңкөл аудандарының мектептерінде білім беру экожүйелерін жобалауға жағдай жасау. Жүргізілетін жұмыстың бағыттары:
- Олимпиадаға дайындық;
- ҰБТ – ге дайындық;
- PISA халықаралық зерттеуіне дайындық;
- «Мың бала» ұлттық олимпиадасына дайыңдық;
- Мұғалімнің өздігінен білім алу деңгейін арттыру.
21 қазанда сағат 16.00-де «Жаңартылған білім мазмұны бойынша сабақты жоспарлау» тақырыбы бойынша семинар өткізіледі. Модератор: педагог-зерттеуші, Павлодар қаласының «Педагогикалық шеберлік орталығының» қосымша тренері Ахшалова Данира Каскирбековна.