kz en
Павлодар облысы білім беру басқармасының «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі" КММ

Павлодар қаласы, Астана көшесі, 125

Gasdaryn.edu.mail.kz +7 (7182) 61-81-32

«Тәуелсіздік ұланы»

«Тәуелсіздік ұланы»
Дата: 16-10-2021
«Жас дарын» мамандандырылған мектебінде көрнекті қабілеттерін танытқан талантты және дарынды балаларға арналған «Тәуелсіздік ұланы» сыйлық ақысының облыстық конкурсына 19 оқушы ұсыныс жасады. Қатысушылар - жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалармен ғылыми жобалар сайысының, спорт жарыстарының, шеберлік конкурстардың жүлдегерлері. Мектепішілік кезеңде қатысушылар төрт номинация бойынша жіктелді: «Ғылыми –техникалық шығармашылық пен оқу-зерттеу қызметі» - 9 оқушы, «Шығармашылық шеберлік» - 2 оқушы, «Спорттық шеберлік» - 6 оқушы, «Әлеуметтік маңызы бар және қоғамдық қызмет» - 2 оқушы. Мектепішілік кезеңде қатысушылар соңғы 3 жылғы жетістіктерін дәлелдейтін құжаттар ұсынды. Сайыстың екінші қалалық кезеңіне 11 оқушы өтті.