«Жас дарын» мамандандырылған мектебінде 10 жас педагог жұмыс істейді. Мектепішілік жоспар бойынша жас мамандарды қолдау мақсатымен тәлімгерлік жұмыстар ұйымдастырылуда. Бүгінгі сабақ қысқа мерзімді жоспарды тиімді құрастыру және әр сабақта оқушыларды психологиялық жетелеу маңызды мәселелеріне байланысты өтті. Жас мамандарға математика пәнінің мұғалімі, ПШО тренері Д.К.Ахшалова ҚМЖ құру әдісін көрсетсе, мектеп психологы Ж.С.Асаинова сабақ барысында оқушылардың қызығушылықтарын көтеру үшін психологиялық тренингтер ұсынды.