kz en
Павлодар облысы білім беру басқармасының «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі" КММ

Павлодар қаласы, Астана көшесі, 125

Gasdaryn.edu.mail.kz +7 (7182) 61-81-32

ШЫҒАРМАШЫЛ ОҚУШЫЛАРДЫҢ «АҚБЕРЕН» БАЙҚАУЫ

Дата: 14-10-2021
2021 жылғы 28 қыркүйекте 8-11 сынып оқушыларының арасында республикалық «Ақберен» байқауының облыстық кезеңі онлайн режимде ZOOM платформасында өткізілді.
Бағыттар бойынша нәтижелер келесідей болды:
Шешендік, білгірлік сайысы номинациясында 10-сынып оқушысы Қабылбек А.(мұғ. Сырттанова А. Т. ) 2 орынға ,
Көркемсөз оқу номинациясы бойынша белгілі жазушылардың, ақындардың, әдебиет классиктерінің шығармаларынан үзінді оқыған 11-сынып оқушысы Заитова М. (мұғ. Қабылова А.М.) 2 орынға ,
Ақындар мүшәйрасы номинациясы бойынша өз шығармаларынан 3 өлең ұсынған 8-сынып оқушысы Макаров М.(мұғ. Қабылова А.М.) 3орынға,
Ақындар айтысы номинациясы бойынша ақындыққа бейімділігі, ойының тапқырлығы, сөз көркемдігі, тақырыпты аша білуі, орындаушылық шеберлігі, суырып салмалық (импровизаторлық) қабілетін көрсеткен 6 (7)-сынып оқушысы Айтжанов А. 3орынға иеленді (мұғ. Шаймерденова А.Т.).