Ақпан айының 9-12 аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар сайысы онлайн форматта өтті. Павлодар қаласы «Жас дарын» мамандандырылған мектебінен 3 оқушы қатысып, мектептің жүлделі қоры 3 медальмен толықтырылды.
Информатика секциясында «Қазақ тіліндегі қолжазба мәтінді тануға арналған қосымша әзірлеу» тақырыбы бойынша 11 - сынып оқушысы Акильбеков А. сайыс жеңімпазы атанып, І дәрежелі диплом иеленді.
Алардың мектептегі ғылыми жетекшісі информатика пән мұғалімі - Шайхимов Айдар Аблаевич.
Биология секциясында 10-сынып оқушылары Турганбекова Айжан мен Қайролла Жасмин «Павлодар саяжайларындағы өсірілетін алқа тұқымдыстарына ерітіндінің pH әсері» тақырыбындағы ғылыми жобасы ІІІ орын алды. Оқушылардың жетекшісі - биология пәнінің мұғалімі Қисап Айдана Сериковна .
Осындай сүбелі сайыстар өткізіп, дарынды оқушыларды қолдап, ғылыми еңбекке, ізденіске, шығармашылыққа жетелеген білім басқармасы тарапынын Дінислам Болатханұлына, аймақтық «Ертіс дарыны» оқу орталығының басшысы Азамат Боранбайұлына алғыс білдіреміз!