Оқушыларды пәндік олимпиадаларға (математика, физика, информатика) дайындау бойынша бағдарлама әзірлеу
04 ақпан, 2021 Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің мұғалімдері: математика - Кожагелдинова Г.Н., информатика - Момынов К.М. және физика - Мальчибаева А.М., облыс мұғалімдері үшін виртуалды тьюториал өткізілді. Жұмыс барысында олимпиадаларға сапалы дайындық бағдарламасын іске асыру кезеңдері көрсетілді.
Семинар барысында Г.Н.Қожагелдинова білім беру бағдарламасының құрылымы мен мазмұнын көрсетті. Қ.М.Момынов информатика мұғалімдеріне арналған бағдарламаны көрсетті, пән мазмұнына сай, заманауи тәсілдерді қарастырды. А.М.Мальчибаева физикадан жұмыс бағдарламасын талқылады. А.М.Мальчибаева жоспар мен әдістемелік кешенін көрсетті. Қолданылған ақпарат көздері мен барлық жинақталған бағдарламалар тьюториалға қатысқан мұғалімдер үшін қол жетімді болды.
Қорытындылай келе, облыс мұғалімдеріне олимпиадаларға бағдарламалар жасау бойынша ұсыныстар берілді.