Өзін-өзі басқару ұйымының жаңа Президенті сайланды. "САМҰРЫҚ" шаңырағының көшбасшысы Азиза Жумагулова дауыс берушілердің ең көп пайызын жинап, жеңіске жетті.
"DOSTAR" шаңырағының көшбасшылары Косанов Адильхан - Вице-Президент, Мусин Адильжан - Премьер-Министр болып тағайындалды.
Сайлауалды науқанның алғашқы күнінен бастап оқушылар үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, оқушылардың дарындылығын арттыру, таланты мен креативтілігін дамытуға бағытталған жаңа жобалары мен идеяларынан арнайы бағдарлама дайындап, сайлаушыларға таныстырды. Үміткерлер болашақта мектеп өміріне түрлі бағыттағы қызықты іс-шараларды ұсынып, сайлауалды дебат барысында оны мазмұнды өткізу жолдарын дәлелдеді.
Сайлау науқанына 5-11тсынып оқушылары қатысты. Ұстаздар қауымы да өздерінің дауыстарын арнайы онлайн-платформада электронды форматта беруге мүмкіндік алды. Сайлау үрдісінің ашық және әділ өтуін сайлау кеңесінің мүшелерінен құралған арнайы бақылаушылар қамтамасыз етті.
Мектеп ұжымы мен оқушылар өзін-өзі басқару ұйымының жаңа құрамынан жемісті еңбек, жаңа жобалар мен идеялар, ұсынған бағдарламалардың жүзеге асырылуын күтеді!
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!