kz en
Павлодар облысы білім беру басқармасының «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі" КММ

Павлодар қаласы, Астана көшесі, 125

Gasdaryn.edu.mail.kz +7 (7182) 61-81-32

ХІІІ Президенттік олимпиада

ХІІІ Президенттік олимпиада
Дата: 20-12-2020

2020 жылдың 18 қараша мен 4 желтоқсан аралығында жаратылыстану-математикалық пәндері бойынша жалпы білім беру мектебінің түлектері үшін өткізілетін ХІІІ Президенттік олимпиаданың қорытындысы шығарылды. Жыл сайын Президенттік олимпиада үш кезеңде өткізіліп, оқушылар математика, физика, химия, биология пәндері бойынша өз білімдерін сынайды. 11-сынып оқушысы, Мағзам Ұлан, үш кезеңнен де сүрінбей өтіп, үлкен дайындықты қажет ететін білім додасында III орынды иеленді. Ұлан – олимпиадалық жарыстарға қатысып, шыңдалған оқушылардың бірі. Республикалық кезеңде Павлодар облысының намысын қорғап, ұстаздарының үмітін ақтап, алдыңғы қатардан көріне білген Мағзам Ұланды шын жүректен құттықтаймыз. Ұланға: «Алар асуларың алда, жеңіс тұғырынан көріне бер!»- дегіміз келеді.