«Облыстың дамуына зор үлес қосқаны үшін» облыс әкімімен Жас Дарын мамандырылған мектебінің математика пән мұғалімі Арыстан Анатольевич Текенов марапатталды.
Ұстаздық жолын 2006-2013 жылдары аралығында Павлодар қаласының Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатында математика мұғалімі ретінде бастады. 2013 жылдан бастап «Жас дарын» мамандандырылған мектебінде қызметін жалғастыруда. Көптеген олимпиада мен сайыстарда жүлделі орындарға ие болып, оқу-білімнің дамуына елеулі үлесін қосқан!
Арыстан Анатольевич Текеновты марапатымен шын жүректен құттықтаймыз!!!