kz en
Павлодар облысы білім беру басқармасының «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі" КММ

Павлодар қаласы, Астана көшесі, 125

Gasdaryn.edu.mail.kz +7 (7182) 61-81-32

Білім күні құтты болсын!

Білім күні құтты болсын!
Дата: 01-09-2020

Қымбатты ұстаздар, ата - аналар, оқушылар!

Сіздерді 1 қыркүйек - Білім күнімен дәстүрлі жаңа оқу жылының басталу салтанатымен құттықтаймыз! Әлемдік өркениетке бет алған бүгінгі қазақ елінің болашағы білім мен тәрбие алауын жаққан мектеппен тікелей байланысты.
Биылғы жылдың ерекшелігі - ҚР білім беруді дамытудың 2020 - 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бағдарламада баршамызға білім беру сапасын арттыруға үлкен міндеттер жүктелді. Сондай - ақ, мемлекеттік бағдарламада педагог беделін көтеруге ерекше көңіл бөлінген. Өткен оқу жылы - алға қойылған міндеттердің нақты іске асырып, жетістіктерге толы табысты жыл болды деп есептейміз.
Абай атамыз: «Адамның көңілі шын мейірленсе, білім - ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі» деген екен. Сондықтан бүгінгі жастар ілім - білім жинауға қашанда асығып, тәуелсіз еліміздің игілігі жолында білімдерін ел кәдесіне жаратып, болашақта озық ойлы, өрісі кең, өрелі азаматтары болуы қажет. Осы жолда қажымай, талмай еңбектің өлшеусіз үлесін көрсетіп, болашақтың бағдаршамы - ұстаз екендігі айқын.
Қадірменді ұстаздар, ата - аналар! Биылғы жаңа оқу жылының тағы бір ерекшелігі - мектеп табалдырығын алғаш аттаған 5-сыныптардың талабы зор, қадамы құтты болсын!
Тәуелсіз еліміздің болашақ иесі жас ұрпақтың бойында тұлғалық қасиеттерді ұштап, кәсіби шеберліктеріңді одан әрі шыңдап, Елбасының Қазақстан халқына жолдауынан туындайтын білім сапасын арттырудағы игі бастамаларға педагогикалық ізденіс, жаңа серпін, шығармашылық табыс тілейміз, қымбатты ұстаздар! Ел ертеңі сендерсіңдер шәкірттер, қиялдарың ұшқыр болып, қанаттарың талмасын жаңа оқу жылы толағай табыстарға, жаңалықтарға толы болсын!

Мектеп директоры: Г.С.Жанғазы