kz en
Павлодар облысы білім беру басқармасының «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі" КММ

Павлодар қаласы, Астана көшесі, 125

Gasdaryn.edu.mail.kz +7 (7182) 61-81-32

Біздің оқушы 140 балл иегері

Біздің оқушы 140 балл иегері
Дата: 26-06-2020

Білімді ұрпақ-ел тірегі

 

Сағиден ӘлемЕліміздегі  игiлiктердiң барлығы елдiң болашағы – жас ұрпақтың келешегi жарқын болуы үшiн жасалып жатқаны аян.Ал білімді, сауатты жастар -  ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші. Соған орай,  2020 жылы SAT, ACT және IB халықаралық стандартталған тестілеу нәтижесін ұлттық бірыңғай тестілеу ұпайларына аудару шәкілі енгізілді. «Жас дарын» мамандандырылған мектебіміздің түлегі, «Алтын белгі» иегері - Сағиден Әлем ұпайларды аудару шәкіліне сәйкес халықаралық стандартталған тестілеу сертификатының иегері ең жоғары - 140 ұпаймен ҰБТ сертификатына ие болады.

Ұлы Абай: «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі бекер» демекші, Сағиден Әлем – облыстық, республикалық, халықаралық зияткерлік байқаулардың бірнеше мәрте жеңімпазы. М.В. Ломоносов атындағы халықаралық турнирдің, физика бойынша облыстық олимпиаданың, жас математиктер турнирінің жеңімпазы, 2019 жылғы республикалық олимпиаданың қатысушысы, 2020 жылғы «Астана» халықаралық университетінің «Физика» білім беру бағдарламасы бойынша Білім Грантының иегері.        

 «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің ұстаздар ұжымы Әлемді шын жүректен құттықтай келе, білім төрінде шарықтап, самғай бер деп тілек білдіреді.

 

Сынып жетекшісі: Қабылова А.М.