Тәуелсіздік қарсаңында "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының Ұланбасын - мектебіміздің Президентін, кеңес мүшелерін - министрларды ұлықтау рәсімі және де мектебіміздің “6” сынып оқушыларын "Бірыңғай "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымы" Республикалық Қоғамдық Бірлестігіне мүшелікке қабылдау салтанатты жиыны өтті.
Бүкіл мектептік сайлау нәтижесінде мектеп президенті - Ұланбасы лауазымына 39% (164 дауыс) жинап, 10 "М" сынып оқушысы Суханкулова Камилла сайланды! Салтанатты жиын барысында 2018-2019 оқу жылындағы Ұланбасы және ұйым көшбасшылары өздерінің ізгі тілектерін білдіре отырып, жаңа құрамға төсбелгілерін тағып, сәттілік тіледі. Ал, жаңа құрам және Ұланбасы, мектеп оқушылары алдында салтанатты түрде ант қабылдады "Жас Ұлан - жігерлі де жайдарлы ұйым!
Тәуелсіздік таңында атқан ұйым!
Жаңғырып, жанданатын жылдан жылға
"Жас Ұлан" - жалынды ұйым, айбарлы ұйым!