kz en
Павлодар облысы білім беру басқармасының «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі" КММ

Павлодар қаласы, Астана көшесі, 125

Gasdaryn.edu.mail.kz +7 (7182) 61-81-32

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай дайындалған “Өлең - сөздің патшасы” атты әдеби-сазды кеш өткізілді

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай дайындалған “Өлең - сөздің патшасы” атты әдеби-сазды кеш өткізілді
Дата: 19-10-2019

17 қазан күні

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай дайындалған “Өлең - сөздің патшасы” атты әдеби-сазды кеш өткізілді.

Мақсаты: Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттап, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Көркем сөйлеуге , өз бетімен іздене білуге , шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу.

Ол өткен заманның, кешегі түркі дүниесінің соққан тынысы болса да бізге түсінікті, жүрегімізге қонымды Абай – лебі, Абай - үні, ана тынысы - заман тынысы, халық үні. Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келетіндігін 10 "м" сыныбымен бірге талдадық.

Оқушылар белсене қатысып,  Абайды сүйетінін көрсете білді, cүйіп оқыған өлеңдерін оқып берді.

Кеш соңында Абай атамызды дәріптеп,  әдемі өлеңімен аяқтадық. Кештің соңында «Абайды оқы, таңырқа!» тақырып аясында кітап көрмесі ұйымдастырылды.