Ауғанстан жеріне қатерлі күн туғанда елін,жерін қорғау үшін көптеген ер азаматтар соғысқа аттанды.1979 жылы басталған соғыс 10 жылға созылды.1989 жылдың 15 ақпанында кеңес әскерлері Ауған жерінен шығарылды.Бұл соғысқа 22 мың қазақстандық қатысты,олардың 761 қаза тапты,21 жауынгер хабарсыз кетті.Содан бері 30 жыл өтіпті.Сол жауынгерлердің ішінде жерлесіміз,"Жас дарын"мектебінің ғимаратында орналасқан №8 лицейінің түлегі Лушин Игорь Владимировичтің есімі де бар.