2018 жылғы 7 қарашада Жас дарын мектебі «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес «Мектептегі оқушылардың ғылыми –зерттеу, ізденіс жұмыстарын ұйымдастыру жолдары» тақырыбындағы облыстық семинар өткізді.Мақсаты: Дарынды балалармен жұмыс жасау бағытындағы мектептің жұмыс тәжірибесімен бөлісу. Мектептегі оқушылардың ғылыми-зерттеу, ізденіс жұмыстарын ұйымдастыру жолдарымен таныстыру. Семинарға «Ертіс дарыны» орталығының мамандары, мамандандырылған мектептердің директор орынбасарлары, дарынды баламен жұмысты үйлестірушілер қатысты. Пленарлық отырыста «Ертіс дарыны» орталығының басшысы Г.Турсунов дарынды балалармен өткізілетін жұмысқа талдау жасады. Семинардың екінші бөлігінде «Оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың тиімді тәсілдері» тақырыбында коучинг, екінші секцияда «Физика, география, биология пәндерінен ҒЖМ жұмысын ұйымдастыру әдістемесі» атты мастер класс өткізілді. Ғылыми жобаның нәтижелілігі , кітапхана , робот техникасы кабинеттерінің мүмкіндігін оқушылардың зерттеу жұмыстарына тиімді пайдалануы бойынша ғылыми жобалар көрмесі ұйымдастырылып, оқушылар өз жобаларымен келген қонақтарды таныстырды. Рефлексия аясында қатысушылар жүргізілген жұмыстарды талдай отырып, пікір алмасып, ой бөлісті. Соңында семинарға қатысушылар SMS әдісімен жақсы пікірлерін жазып қалдырды.