kz en
Павлодар облысы білім беру басқармасының «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі" КММ

Павлодар қаласы, Астана көшесі, 125

Gasdaryn.edu.mail.kz +7 (7182) 61-81-32

«Болашақ бағы» акциясы

«Болашақ бағы» акциясы
Дата: 14-11-2018
«Эко-boom» жобасы аясында 20- қазан күні Павлодар қаласының «Жас дарын» мектебінде «Болашақ бағы» акциясы өткізілді. Акция мақсаты : мектеп алқабын жасылдандыру. Іс – шараға мектептің қамқоршылық кеңесінің мүшелері және 5-сынып оқушылары мен ата-аналары белсенді қатысты. Жалпы акция барысында 13 түп ағаш салынды: 6 көгілдір шырша, 1 қарағай, 6 сирень.
Ағаш егудің алдында жүргізушілер салынып жатқан ағаштар туралы аңыздар, олардың пайдалы қасиеттері жайлы ақпарат беріп өтті. 5- «Г» сынып оқушылары дайындаған қойылымда «Ағаш егу» дәстүрі – қасиетті іс екендігі айтылып, Қызыр бабаның бейнесін сомдаған бала бата берді.
Іс-шараға қатысушылардың барлығы жақсы әсер алып, бір-біріне жақсы тілектер айтты.
Оқушылар әр ағашқа «Ханшайым», «Балдырған», «Мереке», «Қазына», «Ханзада», «Бастау» сынды ат қойды.
Жалпы іс-шара жлғары деңгейді өтті деп айтуға болады.