Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласың елден бөлек
Абай
Мохаммед-Али Амир - Павлодар қаласының «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 11- сынып оқушысы.
Өзінің табандылығының, ерен еңбегінің арқасында бүгінгі күнде Амир көптеген жетістіктерге жетіп, Отанымыздың атын әлемге шығарды. Мектеп мақтанышы, «Үздік оқушы» атағының иегері Мохаммед-Али Амир- бірнеше дүркін республикалық пән олимпиадасының жеңімпазы, халықаралық олимпиадаларда да үздік нәтижелер көрсетті. Оған дәлел ретінде соңғы 4 жыл ішіндегі жетістіктерін атап айтайық:
2014-2015 оқу жылы
2015-2016 оқу жылы
2016-2017 оқу жылы
2017-2018 оқу жылы
Осындай жетістіктерімен қоса ол бүгінгі күні 3 дүркін КБТУ университеті грант сертификатының, Аль-Фараби университеті грантының сертификат иегері, сонымен қатар бүгінгі күні әлемдегі үздік оқу орындарының бірі Принстон университетіне (АҚШ) оқуға қабылданды.
Амир өзінің білімге деген құштарлығы мен еңбекқорлығының арқасында жұлдызы жарқырап, биік шыңдарды бағындырып келеді. Ол тек өзінің ғана емес, сонымен қатар мектептің, облысымыздың абыройын асқақтатып, халықаралық дәрежедегі білім додаларында ел намысын қорғап, көк байрағымызды биіктен көрсете білді. Оның осындай қажырлы еңбегі, білімге деген сенімі мен еліне деген сүйіспеншілігі мақтанарға тұрарлық. Болашақта қандай қиындық болса да, берілмей, алға қойған мақсатына жетіп, ұлт мақтанышы болатындығына сенеміз.
Жұлдызың жарқырай берсін, Амир! Біз сенімен мақтанамыз!
«Жас дарын» мамандандырылған мектебінің ұжымы