kz en
Павлодар облысы білім беру басқармасының «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі" КММ

Павлодар қаласы, Астана көшесі, 125

Gasdaryn.edu.mail.kz +7 (7182) 61-81-32

Н.Ә.Назарбаевтың ұсынысы бойынша жасалған «Әлеуметтік бес бағыт»

Н.Ә.Назарбаевтың ұсынысы бойынша жасалған «Әлеуметтік бес бағыт»
Дата: 20-03-2018

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аталмыш бағыттар еңбектеген балаға да, еңкейген қартқа да өз армандарын іске асыруға жол ашады. Мысалы, төртінші бастама арқылы несие алып, жеке бизнес ашылса, көптеген тұрғындар жұмыспен қамтылады. Ал үшінші бастама арқылы мектеп түлектері білім гранттарына ие болып, жоғарғы білім алуда қиындық көрмейді.Біздің пікірімізше, бұл бастамалар бізге  үлкен  көмегін тигізеді.

Ғылым мен техника қарыштаған заманда біз тек білімімізге ғана сенім арта аламыз. Бұдан шығатын қорытынды: адамның болашағы басына тоқыған оқу- біліміне байланысты. Бұл туралы ойын елбасымыз үшінші бағытында ұсынады. Бағыттың негізгі мақсаты: көз алдымыздағы жарқын мүмкіншілектерді ашу. Соның бірі - тегін оқуға қол жеткізу. «Білімдіге дүние жарық» дегендей,көзі ашық, көкірегі ояу адамға барлық жолдар ашық тұрады.Ал тегін оқуға тек «оза шауып, үздік шыққан» жеңімпаз ғана ие болары сөзсіз. Бұл бағытты қай жағынан алып қарасақ та, оқушы адамдар үшін, түлектер үшін өте тиімді.Тегін оқуға қосылып, студенттер үшін жатақханаларға да ақша бөлінуде. Бұның барлығы бір нәрсеге сайып келеді: елбасымыз Н.Ә.Назарбаев білім жолына айрықша назар аударады.