Нұрсұлтан Әбішұлының Қазақстан халқына арнаған Жолдауы бүкіл Қазақстандықтар үшін маңызды болды деп ойлаймыз. Елбасы өз баяндамасында адам капиталын арттыру, жаңа технологияларды енгізу, әлеуметтік мәселелер бойынша бірқатар тапсырмаларды атап өтті.
Солардың ішінде «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы қазақ елін биік белестерден көрсететіндігіне, ұстаздардың жұмысын жеңілдететіндігіне сенімдіміз.
Кез келген мемлекеттiң дамуында маңызды рөл атқаратын ол –білім саласы болып табылады. Солардың бiрi, тіпті бірегейі – мектеп мұғалiмi мамандығы. Елбасы «Болашақта еңбек етiп, өмiр сүретiндер бүгiнгi мектеп оқушылары, мұғалiм оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан да сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетiн мiндет өте ауыр» деп мұғалiм рөлiн әрқашан жоғары бағалайды. Мұғалiм мәртебесiн дамыған елдердегi деңгейге жеткiзу бағытында елiмiзде көптеген iстер атқарылып, жағдай жасалуда. Жолдауда айтылған үш тілді оқуға кезең-кезеңмен көшу мәселесі бойынша ұстаздарға дайындық курстары ұйымдастырылып, жүргізілуде.
Сондай-ақ Елбасының квалификацияға байланысты мұғалімдер жалақысының 30-50 пайызға өсетіндігі де біз үшін қуанышты жаңалық болып отыр.
Біз, «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің ұстаздар қауымы, Президенттің халыққа Жолдауын ерекше ықыласпен тыңдап, оның жүзеге асырылуына өзіміздің еселі еңбегімізбен үлесімізді қосамыз деп санаймыз. Мемлекет басшысының әр жыл сайынғы Жолдауы халықтың игілігін арттыруға бағытталып келеді. Сондықтан да Жолдауда айтылған маңызды шараларды бірлесе жүзеге асырамыз деп сеніммен айта аламыз.
«Жас дарын» мамандандырылған мектебінің ұстаздар қауымы
Жаңартылған білім мазмұны - заман талабы
ХХІ ғасыр- ғылым мен техниканың қарыштап дамып, көркейген уақыты. Өткен ғасыр басынан «Заман оқығандікі» деп жар салған алаш ақтаңгерлерінің жанайқайының ақиқаты болып дәлелденген тұсы да осы біздің ғасыр. Бұл ғасыр-жаңалықтар жәрмеңкесі. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы қаңтар айында «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауында жаңартылған білім мазмұнының ұрпақ пен ел үшін қажеттілігінің маңыздылығын ашып берді.
Жаңа ғасыр- жаңа уақыттың жаңаша ойлайтын ұрпақпен тыныстайтынын айтты. Ал, жаңаша ойлайтын ұрпақ оқытудағы жаңа форматтың нәтижесінде қалыптасады. Әлемнің озық көшінен қалмау, ел ертеңі жастардың дамыған ел алыптарымен иық тірестіріп қадам басуы еліміз үшін де алғышарт деп біледі кемеңгер басшымыз.
Жаңартылған білім мазмұны - функционалды сауаттылыққа бейімдеуде көшбасшы үрдіс. Үстіміздегі оқу жылында мектеп бағдарламасының жаңа форматқа ауысуы да осы мақсаттың нысанасына бағытталғандықтан. Бала алған білімінің әр түйірін босқа ұшырып алмай өмірде пайдаға жарата алуы, бәсекеге қабілетті болуы – жаңартылған білім мазмұнының миссиясы. Себебі бәсекеге қабілетті ұрпақ – ел тізгінін ұстайтын ұрпақ. Бәсекеге қабілеттілік функционалды сауатты болуды талап етеді. Функционалды сауаттылықтың іргетасы әр сабақта мақсаттарды жүзеге асырудан басталады. Баланың алдына мақсатты нақты қоя білуі және сол мақсатқа жетуге әр қадамын жоспарлап, критерийге салуы оқушыны жүйелі жұмыс жасай алуға тәрбиелейді. Өз әрекетіне жүйелілік енгізу, керібайланыс жасап жетілдіру осы мақсаттың мәресіне жеткізеді. Білім берудің жаңа сапасына ерекше алаңдайтын президентіміз білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болуы және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту керектігін қадап айтты. Ұрпақ үшін мүлде жаңа бағдарламалар, оқулықтар, стандарттар мен кадрлар қажет екеніне екпін түсірді. Функционалды сауаттылықтың қалыптасуына бірден-бір әсер етуші күш те осында жатыр. Яғни, стандарттардың дұрыс рәсімделуі, оқулықтардың талапқа сай дайындалуы, мектептің заманауи жабдықталуы мен мұғалімдер біліктілігінің сай болуы бізді жетістікке апарары сөзсіз.
Павлодар қаласы орталығындағы «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің облыс қана емес республикада ұстаздықтың соны сүрлеуін салған ұстаздары жаңа форматты жандандырып жұмыс жасауда. Патшасы кемеңгер елдің аға буыны көреген, кіші буыны көргенді болады дейтін еді.
Елбасымыздың айтқанын ұғынған ұстаздар жаңа форматтың қалыбымен көргені мен білімі қатар түйіскен ел ертеңін сомдары анық.
Павлодар қаласының «Жас дарын»
мамандандырылған мектебінің мұғалімі Аниярова М.