"Жас дарын" мектебінің командасы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 2017 жылғы 22 желтоқсанда өткен Рубик текшесі немесе спидкубинг бойынша жарысқа қатысты.
Бұл жарысқа барлығы 26 команда қатысты. Жарыс 2×2×2, 3×3×3, 4×4×4, 5×5×5 бағыттарда өткізілді.
Сайыс нәтижесі бойынша мектебіміздің 5 "М" сыныбының оқушысы Есимов Джамиль 2×2×2 бағытында І дәрежелі дипломмен,10 "М" сыныбының оқушысы Баймағамбетов Талғат 5×5×5 бағытында ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жалпы командалық есепте мектеп ІІ орынға ие болды.
Жүлдегерлер мен жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз!