kz en
Павлодар облысы білім беру басқармасының «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі" КММ

Павлодар қаласы, Астана көшесі, 125

Gasdaryn.edu.mail.kz +7 (7182) 61-81-32

Бала құқығы - адам құқығы

Бала құқығы -  адам құқығы
Дата: 23-11-2017
Дүниежүзілік балалар күніне орай 20- 30 қараша аралағында өтетін «Бала құқығы -  адам құқығы» атты республикалық онкіндігі. Баланың құқықтары - баланың заңды құқықтары.
Әрбір баланың отбасында тұрып, тәрбиеленуге құқығы бар. Отбасылық тәрбие баланы тәрбиелеудің ең тәуір түрі, сондықтан да оған басымырақ маңыз беріледі. Баланың өз ата-анасының отбасында және өзге де туысқандарымен тұруына, олармен қарым-қатынас жасауға қақысы бар. Неке бұзылған кезде бала көбінесе анасының жанында қалып, сонымен бірге тұрады, ал әкесімен, әдетте, демалыс күндері жолығып тұрады. Ата-аналарының ажырасуы бұдан кейін бөлек тұра бастаған әкесі мен баласының арасындағы қатынастарды тоқтатуға әсер етпеуі тиіс. Бірақ сот практикасында баланың әкесімен кездесіп тұруына анасының рұқсат бермейтіндігінің, не әкесінің баласын және оны тәрбиелеуге міндетті екендігін ұмытып кететіндітінін: сансыз мысалдарын кездестіруге болады. Заң ажырасқан, ата-аналарға, екі жақта баланы тең тіррде тәрбиелеуді міндеттейді. Егер олардың біреуі өз міндетін орындамаса, сот оны орындауға мәжбурлеуге құқылы. Мысалы, сот баланың әкесімен кездесу уақытын және орнын белгілейді немесе анасының талабы бойынша әкенің бала тәрбиесімен айналысуын міндеттейді.
 
Баланың өз ата-анасының тәрбиесінде болуға, мүдделері мен жан-жақты дамуының қамтамасыз етілуіне, оның адамдық кадір-касиетінің қүрметтелуіне қақысы бар. Бала өз мүддесіне қатысты кез келген отбасылық мәселелерді шешкенде өз ой-пікірін еркін білдіруге құқылы. Бала 10 жасқа толған соң, оның пікірімен де санасады. Мысалы, тегі мен атын өзгерткенде, бала асырап алғанда немесе оның кажеттігі болмағанда ескеріледі.
Баланың құқықтары жөніндегі конвенцияға сәйкес әрбір баланың өзінің даралығын сақтауға қақысы бар. Оны даралайтын белгілер аты, тегі, әкесінің аты. Балаға есім беру ата-анасының келісімімен жасалады. Ата-аналардың бала мүддесіне қайшы келетін, оған айналасындағы адамдардың күлкісін келтіретін немесе қолайсыз жағдайларға қалдыратын есім пайдалануларына болмайды.

Іс – шара

Мерзімі

Сыныптар

Жауаптылар

1

Мектеп оқушыларына арнайы жасалған құттықтау открыткаларын тарату

20.11.17.

5-11 сыныптар

Г.М.Белгібаева
Т.Қаирбеқызы

2

Дүниежүзілік балалар күнін өткізу туралы ақпаратты мектеп сайтында орналастыру

20.11.17.- 30.11.17.

 

А.А.Шайхимов

3

Оқушылары арасында «Мен баламын. Менің құқығым бар» атты парақшаларды тарату

 20.11.17.

 

5-11 сыныптар

Т.Қаирбеқызы

А.Е.Ахметова

4

Сынып сағаттары: «Менің құқығым бар »

25.11.17.

5-11

сыныптар

Г.М.Белгібаева

Сынып жетекшілер

5

«Менің құқықтарым»

суреттер көрмесі

23.11.17.

5-6 сыныптар

  Г.М.Белгібаева

Л.С.Кайдарова

С.Ғ.Бекібаева

А.С.Қисап

М.Б.Куватова

Д.Қ.Ахшалова

6

«Денсаулық сақтауға құқығым бар!» атты спорттық іс – шара 

24.11.17.

7-8 сыныптар

Е.В.Сыпатаев

М.Т.Ескендирова

Қ.Б.Жунусов

7

Құқық пәні бойынша ашық сабақ : «Бала құқығы мен бостандығы»

21.11.17.

9 - «Г» сынып

А.М.Какабаева