kz en
Павлодар облысы білім беру басқармасының «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі" КММ

Павлодар қаласы, Астана көшесі, 125

Gasdaryn.edu.mail.kz +7 (7182) 61-81-32

Үздік Ұстаз – 2017

Үздік Ұстаз – 2017
Дата: 11-10-2017

Құрметті Айгүл Баянқызы!

Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық -  ұстаздық. Осындай қызығы, қиындығы мол,  жауапкершілігі зор мамандықты игерген мектебіміздің мақтан етер, үлгі тұтар ұстазысыз.  Бойыңыздағы мол білім мен кәсіби дағдыңыздың арқасында өзіңіз де, тәрбиелеп жатқан шәкірттеріңіз де жоғары белестерден көрінуде. 

Сізді,  2017 жығы 5 қазанда Астана қаласының «Қазмедиа орталығында» Халықаралық Мұғалімдер күнінде өткен, «Үздік Ұстаз – 2017» республикалық байқауының  жеңімпазы атағымен және ескерткіш сыйлық 2 000 000 теңге сыйақы алуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз. Бұл – сіздің жарық жұлдыз болып жанғаныңыз, еңбегіңіздің табысты жемісі деп білеміз.

Оқушыларды білім шыңдарына жетелеу жолында сізге мықты денсаулық, шығармашылық шабыт пен табыс тілейміз.

Мектеп ұжымы сізді үлгі етеді әрі мақтан тұтады.

«Жас дарын» мектебінің ұжымы