Құрметті Майса Түсіпқызы!
Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің “Қазақстан - 2030” стратегиялық бағдарламасында халықты салауатты өмір салтына ынталандыруды басым бағыттың бірі ретінде атап көрсетті. Шынында да, спорттың адам өмірінде алатын орны зор. Келешек ұрпақтарымыздың салауатты өмір салтын ұстанған азаматтар болып өсуі біз үшін өте маңызды.
Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болатынынын айқын дәлелі – сізсіз. Бойыңыздағы спортқа деген қабілет, жігер, ынтаңыздың арқасында көптеген нәтижелерге жетіп, мектебіміздің атын асқақтатып жүрсіз.
Сізді «Ардагерлер арасында жеңіл атлетика бойынша өткен Павлодар облысының чемпионатында»көрсеткен жоғары нәтижелеріңізбен құттықтаймыз!
1. 1500 метрге жүгіруден – І орын
2. 3000 метрге жүгіруден - І орын
3. 200 метрге жүгіруден – ІІІ орын
4. Екпінмен ұзындыққа секіруден – ІІІ орын.
Салауатты өмір салтын насихаттау бағытында, оқушыларды спортқа баулу
жолында атқарып жатқан еңбегіңіз үшін үлкен рахмет. Әрдайым алда болыңыз! Жеңіс тұғырынан көріне беріңіз!
«Жас дарын» мектебінің ұжымы