kz en
Павлодар облысы білім беру басқармасының «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі" КММ

Павлодар қаласы, Астана көшесі, 125

Gasdaryn.edu.mail.kz +7 (7182) 61-81-32

Бабаларға тағзым!

Бабаларға тағзым!
Дата: 05-05-2017

Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіске үлкен күшпен жеттік, ол күш – бірлік. Барша халық бір тудың астына жиылып, күштерін бір арнаға тоғыстырды.
Бұл күні Отан үшін өмірін қиып, туған жерге оралмаған қаһарман ерлерді бүкіл ел болып еске түсіреді. Соғыста қаза тапқан жауынгерлердің рухына артында қалған елі тағзым етіп, «Мәңгілік алау» мемориалына сан мыңдаған қазақстандықтар гүл шоқтарын қойып, құрмет етеді.
Бүгінгі жастарымыз «Ер есімі – ел есінде»,- дегендей, жарқын болашақта, бақытты ғұмыр сыйлаған Батырларымыздың ерлігін ешқашанда ұмытпайды. Соғысқа қатысқан ата-бабаларымыздың қасиетті рухы бүгінде әрбір жанұяда салт-дәстүрмен бірге жыл сайын ардагерлерге құрмет көрсетіліп, қасиетті бейбіт тірлігімізге нұр тіршілік шуағын төгуде.

ОсынауҰлы Жеңістің қарсаңында «Жас дарын» мектебінің 6 «Г» сынып оқушылары, сынып жетекшісі Айсұлу Мажитқызымен бірге Жеңіс алаңындағы «Мәңгілік алау» ескерткіш тақтасына  барып, Отан үшін от кешкен боздақтар рухына тағзым етті.

Ақ ниетті адамзаттың 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңісінің мерекесі ғасырлар бойы тойлана беретін, бүкіләлемдік тарихи маңызын ешқандай уақыт тез өшіре алмайтын, қайта жыл өткен сайын жарқырай түсетін, жаңғыра беретінжарқын тойы болып қала бермек. Бұл күн бүкіл өркениетті әлемді тырнағынан қан тамған қаскөй пиғылдарға қарсы ымырасыз күрес туы астына біріктірген ұлы үрдіс, ұмтылыс күн болып адамзат жадында мәңгі сақталады.
Ұрпақ үшін қан төккен Бабаларымыздың Жандары мәңгілік жәннатта болсын, Аманаттарын Перзенттері бұлжытпай орындайтын иман берсін!