kz en
Павлодар облысы білім беру басқармасының «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі" КММ

Павлодар қаласы, Астана көшесі, 125

Gasdaryn.edu.mail.kz +7 (7182) 61-81-32

Бірлігіміз жарасқан!

Бірлігіміз жарасқан!
Дата: 05-05-2017

Қазақстан. Құшағы ыстық, құлашы кең байтақ өлке. 130-дан астам ұлт өкiлiнiң бiр атаның баласындайырыс пен ынтымақта өмiр сүрiп келе жатқандығы бұл сөзiмiзге айғақ. Осыншама ұлт пен ұлыстың өкiлi бiрге тұрып, бiрге жасап, бiр мақсатқа жұмылып өмiр сүрiп келе жатқандығы Елбасымыздың данасаясатының нәтижесi болса керек. Алматының өзiнде ғана 30-дан астам түрлi ұлттардың мәдениорталықтары бар. Олар Қазақстан халқы ассамблеясының үлкен шаңырағы астына топтасқан.

1-ші мамыр қарсаңында мектепте 5-6 сыныптар арасында «Бірлігіміз жарасқан» атты дәстүрлі ұлттар шеруі өтті. Қазақстан жерінде тату-тәтті өмір сүріп жатқан ұлттардың дәстүрлі тағамдары, салт-дәстүрлері, ұлттық киім мен өнерлерін көрсету бойынша сайысқа түсті. Сайыс қорытындысы бойынша Бас жүлдені – 5 «Д» сыныбы, І орынды 5 «Г» сыныбы, ІІ орынды 5 «М», 6 «Г», 6 «Д» сыныптары, ІІІ орынды 6 «М» сыныбы иеленді.