kz en
Павлодар облысы білім беру басқармасының «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі" КММ

Павлодар қаласы, Астана көшесі, 125

Gasdaryn.edu.mail.kz +7 (7182) 61-81-32

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы республикалық пән олимпиадасының қорытындысы

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы республикалық пән олимпиадасының қорытындысы
Дата: 29-03-2017

Наурыз айының 24-29 аралығында Ақтау қаласында өткізілген қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиадасында Павлодар облысынан  облыстық пән олимпиадасының 35 жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысты. Соның ішінде бағы мен бабы қатар шапқан 23 оқушы республикалық пән олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатарынан көрінді. Жалпа командалық есепте Павлодар облысы  І орынға ие болып, «Ең үздік олимпиадалық команда – 2017» атанды.

«Жас дарын» мектебінің оқушылары да зияткердік додада мектебіміздің намысын қоғап, жеңіс тұғарынан көрінді. Олар: Қалиева Азиза – І орын (қазақ мектебіндегі орыс тілі, мұғалімі А.Б.Куставлетова), Жакенова Жамал – ІІ орын (қазақ мектебіндегі орыс тілі, мұғалімі А.Б.Куставлетова) және Мұхаметжанова Аружан – ІІІ орын (француз тілі, мұғалімі В.М.Петрова).