kz en
Павлодар облысы білім беру басқармасының «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі" КММ

Павлодар қаласы, Астана көшесі, 125

Gasdaryn.edu.mail.kz +7 (7182) 61-81-32

Республикалық жаратылыстану-математика бағытындағы пән олимпиадасының қорытындысы

Республикалық жаратылыстану-математика бағытындағы пән олимпиадасының қорытындысы
Дата: 20-03-2017

Наурыз айының 13-18 жұлдызында Павлодар қаласында оқушылардың жаратылыстану-математика бағытындағы республикалық пәндер олимпиадасы болып өтті. Қазақстанның барлық облыстарынан барлығы 764 оқушы қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша «Жас дарын» мектебінің оқушылары жеңімпаздар мен жүлдегерлер қатарынан көрінді. Олар: Математика пәнінен 10 сынып оқушысы Мохаммед-Алі Әмір «Алтын медаль» (мұғалімі: А.А.Текенов), 8 сынып оқушысы Абдығалиев Жандос  «Қола медаль» (мұғалімі: А.А.Текенов), география пәнінен 10 сынып оқушысы Қатбек Рахат «Күміс медаль» , 11 сынып оқушысы Оразалы Әмір «Қола медаль» (мұғалімі: Л.С.Қайдарова) және физика пәнінен 9 сынып оқушысы Қаирден Әділ «Қола медальға» (мұғалімі: А.Х.Сумбаева) ие болды. Жалпы есепте мектеп «Ең үздік олимпиадалық мектеп-2017» номинациясына ие болды. Барлық ұстаздар, оқушылар және ата-аналарды құттықтаймыз!