kz en
Павлодар облысы білім беру басқармасының «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі" КММ

Павлодар қаласы, Астана көшесі, 125

Gasdaryn.edu.mail.kz +7 (7182) 61-81-32

1 наурыз - Алғыс айту күні!

1 наурыз - Алғыс айту күні!
Дата: 01-03-2017

Алғыс айту күні – ол, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні. Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі. Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды.

Ұстаздар сізге мың алғыс!

Тұла бойың тұнған сабыр, кешірім,

Айқара аштың бізге білім есігін.

Өр тұлғаңды балап шыңға, Ұстазым,

Мен өзіңе тәнті болсам, несі мін?!

Бала елдің болашағы болғанда,

Зор пайданы тигізесің қоғамға.

Мамандығың - кәсіптердің абзалы,

Адамдығың қымбат бізге одан да.

 

Анаға – өмір сыйлағаны үшін,

Әкеге – қорған болғаны үшін,

Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін,

Сөзге – жанды жылытатыны үшін,

Күнге – шуағы мен назары үшін,

Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін,

Досқа – құшағы мен иығы үшін,

Әжеге – ыстық алақаны үшін,

Суға – тіршілік көзі болғаны үшін,

Жерге – махаббаты мен бар болғаны үшін,

Отқа – жылулығы үшін...