kz en
Павлодар облысы білім беру басқармасының «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі" КММ

Павлодар қаласы, Астана көшесі, 125

Gasdaryn.edu.mail.kz +7 (7182) 61-81-32

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР КОНКУРСЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР КОНКУРСЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ
Дата: 20-02-2017

2017 жылғы ақпанның 14–17 күндері аралығында Алматы қаласында республикалық ғылыми жобалар конкурсы өткізілді. Конкурсқа Қазақстанның барлық өңірлерінен 717 оқушылар қатысты. Павлодар облысынан конкурстың қорытынды кезеңіне 35 оқушы өтті (29 жоба).

         Ғылыми сайыс 4 бағыт бойынша өтті:

экономикалық және әлеуметтік процестерді математикалық модельдеу (секциялар:     математика, қолданбалы математика, экономика, информатика);

ғылыми - техникалық прогресс, экономикалық өсудің негізгі буыны (секциялар: физика, техника, Жер және Космос туралы ғылымдар);

таза табиғи орта – Қазақстан – 2030 стратегиясын іске асырудың негізі (секциялар: биология, химия, қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау);

Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары (секциялар: тарих, өлкетану, этномәдениеттану, әдебиет, тіл білімі).

         Конкурстың қорытындысы бойынша Павлодар облысының құрама командасы екінші орынға ие болып, төрт  алтын (2 командалық), бір күміс және тоғыз қола (1 командалық және 7 жеке) медальдарымен марапатталды. Соның ішінде Павлодар қаласының «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің оқушылары 4 алтын (2 командалық), 2 қола жүлдеге ие болды.

І орынды  9 сынып оқушылары Қуаныш Еркебұлан және Альжанова Айжан, 10сынып оқушылары Сунчалиева Аяна және Амергалиева Шынар жеңіп алды.

11 сынып оқушылары Еранова Айдана мен Макатова Алуа ІІІ орындарға ие болды.

10 сынып оқушысы Бахыт Айым «Дарын» РҒПО-ың  Құрмет грамотасымен  марапатталды.