kz en
Павлодар облысы білім беру басқармасының «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі" КММ

Павлодар қаласы, Астана көшесі, 125

Gasdaryn.edu.mail.kz +7 (7182) 61-81-32

ІV аймақтық жас математиктер турнирі

ІV аймақтық жас математиктер турнирі
Дата: 18-02-2017

2017 жылғы 14-17 ақпан аралығында Павлодар қаласында облыстық  білім беру басқармасы «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік  орталығының ұйымдастыруымен ІV аймақтық жас математиктер турнирі өткізілді. 

Жас математиктер  турнирі – Шығыс-Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстарының, Астана, Алматы қалаларының дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептер арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум шеңберінде өткізілетін аймақаралық жарыс.

  Турнирге барлығы 16 команда құрамында 7-8 сыныптарының 96 оқушысы қатысты:  Астана, Алматы қалаларымен Қарағанды облысынан – 3 командадан, Шығыс-Қазақстан облысынан 2 команда және Павлодар облысынан 5 команда.

Ережеге сәйкес турнир екі кезеңде өткізілді: бірінші кезең – командалық олимпиада,  екі лигаға  командаларды бөлу мақсатында жазбаша түрде өтті. Екінші кезеңде қатысушылар 3 күн бойы тапсырмаларды шешу жолында сайысты. Турнирдің негізгі бөлігі - математикалық жарыстарда командалар күрделі тапсырмалардың шешімдерін қорғады. 

Бірінші лигада Павлодар қаласы «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің оқушылары Абдыгалиев Жандос, Авид Арайлым, Садыкова Назерке, Сағиден Әлем, Ғұмран Әлімжан, Биғазы Алихан ІІ орынға ие болды. Оқушыларды және пән мұғалімдерін құттықтаймыз!