2016-2017 оқу жылының мектеп бітіруші түлектері ҰБТ-ді жаңа форматта тапсыратын болады. Мектептегі қорытынды аттестацияда төрт міндетті пән мен бір таңдау пәні болады. Міндетті пәндердің қатарында орыс немесе қазақ тілінде тапсырады және әдебиеттен эссе формасында тапсырады, ал Қазақстан тарихы ауызша емтихан ретінде, математика - бақылау жұмысы, сонымен қатар, оқу тілі бойынша тестілеу болады (қазақ тілінен тестілеу - орыс мектептерінде және орыс тілінен тестілеу қазақ, ұйғыр, өзбек және тәжік тілінде білім алғандар үшін). Таңдау пәні де тестілеу бойынша тапсырылады - физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет немесе шетел тілі. Осы жаңашылдықтарға байланысты мектеп мұғалімдері "Жаңа форматтағы ҰБТ" тақырыбында баяндама жасап, жаңашылдықтармен, өзгерістермен таныстырды.