Мяньян қаласында (Қытай Халық Республикасы) 2016 жылғы 13-18 тамыз аралығында өткен математикадан Батыс-Қытай олимпиадасына 6 мемлекеттің 267 оқушысы қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша Қазақстан құрама командасы 1 алтын және 3 күміс медаль иеленді.
Республикалық командасының құрамында Павлодар қаласы "Жас дарын" мамандандырылған мектебінің 10 сынып оқушысы Мохаммед-Али Амир күміс медальді иеленді.
Бұл оның 2015-2016 оқу жылында халықаралық деңгейдегі төртінші медалі. Республикалық пән олимпиадасының екі мәрте жеңімпазының қоржынында айтулы халықаралық олимпиадаларының медальдары: Жәутіков Халықаралық олимпиадасының қола медалі, «Жібек жолы» Халықаралық математикалық олимпиадасының және (IMO) Халықаралық математикалық олимпиадасының алтын медальдары.