Қытай Халық Республикасының Гонконг қаласында 2016 жылғы 8-16 шілде аралығында (IMO) халықаралық математикалық олимпиадасы өткізілді.
Ел қоржынына алтын медаль әкелген Павлодар қаласының «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 9 сынып оқушысы, екі мәрте республикалық пән олимпиадасының жеңімпазы, Жәутіков халықаралық олимпиадасының күміс медаль иегері, «Жібек жолы» халықаралық математикалық олимпиадасының алтын медаль иегері Мохаммед-Али Амир (мұғалімі Текенов Арыстан Анатольевич).