"Жас дарын" мамандандырылған мектебінің ардақты ұстаздары Байсарин Е.М. және Қабылова А.М. мектеп директорының жылы лебізіне, құттықтау сөзіне ие болды. Байсарин Е.М. жоғары кәсіптік деңгейі табысты еңбегі, шынайы шеберлігі, оқушылардың зердесіне терең, сапалы білім - білік дағдыларын дарытып, білімнің асқар шыңдарына жетелеп, адал, ерінбей қызмет жасағаны үшін "Ы. Алтынсарин" төсбелгісімен марапатталды. Қабылова А.М. облыстық "Жыл мұғалімі" сайысына қатысып, облыс мұғалімдерінен озып шығып, "Жыл мұғалімі" сайысының Гран-при иегері атанды. Құттықтаймыз!