4 мамыр күні мектеп бойынша 5-6-сыныптар арасында "Ынтымағы жарасқан туған өлкем - Қазақстан" атты мерекелік сайыс өткізілді. Бұл сайыста әрбір сынып Қазақстанда тұратын, Ассамблеяға енетін бір ұлттың мәдениетін, тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүрін, ұлттық киімін көрсету керек болды. Сайысқа қатысқан бес сыныптың да дайындығ жоғары деңгейде болды. Әрбір сынып өз өнерлерін ортаға салып қызықты іс-шара өтті. 5-"м"-сыныбы- украиндықтар, 5-"г"-сыныбы-орыстар, 6-"м"-сыныбы - әзербайжандар, 6-"г"-сыныбы - қазақтар, 6-"д"-сыныбы -татар ұлттары болып барлық мәдениетін ортаға салды. Оқушылар ән айтып, би билеп сайысты қыздыра түсті. Ең үздік сыныптар анықталып, орындар берілді.