Басталған математикалық апталықтың аясында 6-сыныптар арасында "Көңілді, тапқырлар клубы" атты қызықты математикалық сайыс өткізілді. Сайыс барысында оқушыларға үй жұмысы берілді, капитандар сайысы, топпен есеп шешу сияқты тапсырмалар болды.Әрбір сынып оқушылары жоғары деңгейде дайындалған. Өздерінің қызықты көріністерін көрсетіп, үй жұмысына дайындықтарының жақсы екендігін дәлелдеді. Ал сайыс барысында жеңімпаз анықталып, әділ-қазылар орындарды атады.