Мектеп оқушылары көктемгі демалысқа шыққан соң 23 наурызда "Туған елге тағзым" жобасымен Павлодар-Шымкент маршруты арқылы саяхатқа шықты. Мектептің 6-7-сынып оқушылары мұғалімдерінің жетекшілігімен ел тарихын тану мақсатында жоба бойынша барған еді. Шымкент қаласына тоқтап, ары қарай Сайрам, Түркістан, Отырар елді-мекендеріне барды. Қазақтың тарихы болған Отырартөбе сында қала қалдықтарын көріп, аты әлемге шыққан Арыстан баб кесенесін, Ахмет Яссауи кесенесін өз көздерімен көрді. Оқушылар өте көп мәлімет алып, жақсы көңіл-күймен оралды. Мектепке келген соң, көріп естігендері бойынша эссе жазу жұмыстарын жалғастырады.