kz en
Павлодар облысы білім беру басқармасының «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі" КММ

Павлодар қаласы, Астана көшесі, 125

Gasdaryn.edu.mail.kz +7 (7182) 61-81-32

Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Дата: 15-04-2015

Мектебімізде 18 наурыз күні 22-наурыз "Ұлыстың ұлы күні - Наурыз" мерекесіне арналған мектепішілік той-думан өткізілді. Әрбір сынып құрылған шаңырақтар бойынша өнерлерін көрсетіп, дастархан басына жайғасты. Мереке барысында әрбір сынып қазақтың ұлттық тағамдарымен дастарханды жайнатып, ұлттық киімдерді киіп сәндендіре түсті. Өнер көрсету кезінде жоғары сынып оқушылары қазақтың  салт-дәстүрлерінен  ("Қыз ұзату") үзінді  көрсетті, би биленіп, ән салынды. Әрбір сыныптан оқушылар арнайы алдын-ала даярланып ұлттық киімдер шеруінен байқау өтті. Әділ-қазылар оң баға беріп, тиесілі орындарды атады.