kz en
Павлодар облысы білім беру басқармасының «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі" КММ

Павлодар қаласы, Астана көшесі, 125

Gasdaryn.edu.mail.kz +7 (7182) 61-81-32

Жаңалық

Жаңалық
Дата: 20-12-2014

2014 жылдың  5 желтоқсан күні   Білім беруді және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығы мен  Павлодар қаласының «Жас дарын» мамандандырылған мектебі жасалған жоспарына сай «Жас дарын» мектебінде «НЗМ жұмысының тәжірибесі бойынша оқушылардың тұлғасын әлеуметтендіру жолдары» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарға облыстағы аудан, мамандандырылған  мектептерінің тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасарлары шақырылды.

Мектеп директоры С.Т. Хасанова  «Пилоттық мектептердің стратегиялық жұмыс жоспары», жылдық жоспары  туралы айтып өтті. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ә.М. Арынғазина «НЗМ жұмысының тәжірибесі бойынша оқушылардың тұлғасын әлеуметтендіру жолдары. «Шаңырақ», «Туған жерге тағзым», «Флеш-моб», «Ақпараттық жиын», «Рейтинг» презентациялары туралы баяндама жасады. Әр жобаны мектеп оқушылары көрініс арқылы дәлелдеп көрсетті. Семинарға қатысушылар  жасаған баяндаманы, оқушылардың көрінісін  зор қызығушылықпен қабылдады.

Сонымен қатар мектептің ғылыми жетекшісі пғк В.Н. Афанасьева өз пікірін білдіріп атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға берді, директордың инновация жөніндегі орынбасары Б.Х.Әбдіжүсіпова пікіралмасу өткізді, семинар мүшелерінен анкета алды, қорытынды жасады. Семинарда тәрбие жұмысындағы жаңа тәжірибелерді жүзеге асырушы сынып жетекшілердің тәжірибесі оң бағаланды.