kz en
Павлодар облысы білім беру басқармасының «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі" КММ

Павлодар қаласы, Астана көшесі, 125

Gasdaryn.edu.mail.kz +7 (7182) 61-81-32

Құттықтаймыз!

Құттықтаймыз!
Дата: 17-11-2014

2014 жылғы 11 қараша мен 14 қараша аралығында Алматы қаласында "Өзін-өзі тану" пәнінен 2-ші Республикалық олимпиада өтті. Ұйымдастырылған іс-шараның мақсаты оқушылардың бойындағы рухани байлығын дамытуға, өзін-өзі жетілдіруге, жеке басының қасиеттерін анықтауға, шығармашылық қызығушылықтарын арттыруға бағытталды. Сайыс барысында оқушылар "Туған өлкемді сүйемін" атты тақырыпта презентация қорғады және сол жерде берілген тақырыптар бойынша эссе жазды. Олимпиаданың нәтижесі бойынша мектебіміздің 8 "г" сынып оқушысы Шорман Мария және 9 "м" сынып оқушысы Тұрсын Махмұд 3 орынға ие болды.