Ақпанның 19-шы жұлдызында 6 «А,Б» сыныптары арасында «Информатика білімпаздары» атты сайыс өтті.
Сабақтың мақсаты:Оқушылардың информатика пәніне қызығушылығын, ынтасын арттыру, ой-өрісін және танымдық қабілеттерін, даму тарихын еске түсіріп дамыту, шығармашылыққа баулу, өз ойын еркін жеткізе білу және өткенді шапшаң еске түсіру дағдыларын қалыптастыру, әділдікке, шыдамдылыққа, намысқойлылыққа жетелеу.
Сайыс барысында оқушыларға викториналық сұрақтар, есептер, жұмбақтар беріліп, информатика пәнінен білімдері сыналды. Аталмыш шара соңыңда әділқазы алқасы жеңген топты анықтап, өздерінің жылы лебіздерін білдірді.